Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің өзгеруі

300 мың шаршы метрге жуық мемлекеттік меншіктегі нысандар жекешелендірілуі мүмкін - ҚР Қаржы министрлігі

Қазақстандағы мемлекеттік меншіктегі стратегиялық емес нысандарды тексеру барысында 507 мың шаршы артық алаңдардың 294 мың шаршы метрге жуығын жекешелендірудің екінші толқынын өткізуге ұсынылған, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан10 Маусым , 00:00


«507,5 мың шаршы метрден 101,6 мың шаршы метр мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды орналастыру үшін, 111,9 мың шаршы метр әлеуметтік объектілерді беру үшін және 294 мың шаршы метрді жекешелендіруге ұсынылды», - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 18 мың 456 мемлекеттік заңды тұлғаға тексеру өткізді, бұл тексеруге жатқызылғандар санының 100 % құрады. 
Оған қоса, Өңірлік Комиссиялар 507,5 мың шаршы метр артық алаңдардың хаттамалық шешімдерін қарады және ұсынды. 
 




Яндекс.Метрика