Қалаларға шоғырлану

ҰКП мен Бас прокуратура ынтымақтастық болашағын талқылады

Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, аймақтық прокуратура жетекшілігі, тексеру-бақылау органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Бас прокуратурада видеобайланысконференция режимінде кәсіпкерлердің құқын қорғау мәселесі бойынша жиын өтті.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 12:45

Жиында кәсіпкерлердің құқын қорғау мәселесі бойынша Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның іске асырылу барысы талқыланып, аталмыш бағыттағы бірлескен қызметтің басым бағыттары айқындалды.

Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың айтуынша, кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау бойынша Мемлекет басшысы тапсырмасының тиімді жүзеге асырылуы, негізсіз тексерістер санының азаюы мен мемлекеттік органдардың тексеру-бақылау қызметтерін оңтайландыру әкімшілік қысымды азайтып, кәсіпкерлікті заңсыз араласудан сақтауға мүмкіндік бермек.

«ҰКП түріндегі кәсіпкерлік қауымдастық пен мемлекеттік билік органдары арасындағы құрылымдық әріптестіктің маңызы зор. Биылғы жылдың 2 сәуіріне дейін Мемлекет басшысының Қаулысы талабына сай шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 10 мыңдай тексеруін тоқтатуға мүмкіндік туған», - дейді А.Дауылбаев.

Өз кезегінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндеті кәсіпкерлердің өз кәсіптерін құқықтың шеңберде жүргізуге көмек беру мен тұтынушыларды құрметтей отырып заң шеңберінде жұмыс істеуді қамтамасыз ету.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының маңызды міндеттемелерінің бірі кәсіпкерлердің мүдделеріне араша болу. Президенттің аталмыш тапсырмаларын іске асыру бойынша біз Бас прокуратурамен ҰКП базасында кәсіпкерлерді қорғау кеңесін құрдық. Осының шеңберінде кәсіпкерлердің 650 өтінішін қарадық», - дейді ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, мемлекет қашанда адал және заң шеңберінде жұмыс істейтін кәсіпкерлікке қорған болуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, ҰКП мен Бас прокуратура арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум 2013 жылдың 23 желтоқсанында құрылған болатын.  

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика