2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Щучинск қаласында республикалық «Алау» әскери-спорттық ойындардың шешуші кезеңі басталды

Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласында республикалық «Алау» әскери-спорттық ойындардың шешуші кезеңі басталды. Байрақты бәсекені ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білімнің оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Ақмола24 Маусым , 12:04

Ойын қазақстандықтарды отансүйгіштікке, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Шешуші кезеңге облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы іріктеу турларынан оқ бойы озып шыққандар қатысуда. Жалпы қатысушылар саны - 160 адам, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ойын бағдарламасында жекеше және командалық жарыстар қарастырылған. Жеңімпаздар есімі 27 маусымда белгілі болады. Сонымен қатар, аталмыш республикалық ойында жеңген команда  Халықаралық әскери-спортық байқауға қатыстырылады.




Яндекс.Метрика