Ұлттың денсаулығы

Мемлекет басшысы Өскемен қаласындағы спорт кластері нысандарын аралады

Елбасы жекпе-жектер сарайын, жеңіл атлетикалық орталық пен жүзу бассейнін аралап көрді. Сондай-ақ Өскемен қаласының спорт базасын кешенді дамыту жұмыстары барысымен және Шығыс Қазақстан облысында спорт, білім, жастар саясаты саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан24 Маусым , 11:49

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, атап айтқанда, жетім балаларды қолдауға  («Мейірім» акциясы), мүгедек балаларға көмек көрсетуге («Әлемге ашылған терезе»), түлектерді жұмысқа орналастыруға, меценаттыққа байланысты жобалар туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі спорт саласы ардагерлерімен әңгімелесіп, оң өзгерістерді атап өтті.

«Экономикалық дамудың арқасында біз әлеуметтік, соның ішінде спорт мәселелерін шешуге мүмкіндік алдық. Бүкіл еліміз бойынша спорт нысандары қалпына келтіріліп, салынуда. Атлеттеріміздің нәтижелері де барлық бағыттар бойынша қарқынды түрде жақсарып келеді. Осының бәрі ұлт саулығын нығайтуда маңызды мәнге ие болып отыр», – деді Мемлекет басшысы. 

Жекпе-жектер сарайында күрес, бокс, дзюдо, таэквондо және каратэ залдары бар, оларда жалпы саны 1114 адам жаттығады. 350 адамға арналған жеңіл атлетикалық орталық жүгірумен, сырықпен және биіктікке секірумен, көпсайыспен айналысуға мүмкіндік береді. Түрлі жарыстар өткізуге арналған, халықаралық стандарттарға сай салынған жабық жүзу бассейнінің есігі қала тұрғындары үшін ашық. 




Яндекс.Метрика