Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің өзгеруі

Қаржы министрлігіне объектілерді жекешелендірудің Жол картасын жасау үшін мемлекеттік меншікті тексеру тапсырылды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қаржы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы кезінде осы жылдың жазына қарай стратегиялық емес кәсіпорындарды жекешелендірудің Жол картасын қалыптастыру үшін мемлекеттік меншікті тексеруді аяқтауды тапсырды.
Казахстан08 Ақпан , 00:00

«Бізге мемлекеттік меншікті тиімді басқаруға баса назар аударып, 1 маусымға дейін мемлекеттік меншікті тексеріп шығу керек. Мемлекеттің тиімді жұмыс жасауы үшін нені қалдырып, нені жекеменшік секторға беру керегін түсінуіміз қажет. Бұл жұмыстың нәтижесі стратегиялық емес кәсіпорындардың Жол картасынан көрініс алуы тиіс», - деді С.Ахметов. 

Сонымен қатар, ол өзінің төрағалығымен және вице-премьер К.Келімбетовтың, сонымен қатар Қаржы министрі Б.Жәмішевтің мүшелігімен жекешелендіру бойынша комиссия құру туралы мәлімдеді. 

«Дәл осындай жұмысты жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жүргізу керек. Тиімсіз пайдаланылатын ғимараттарды жекеменшік сектор мен әлеуметтік салаға беру керек», - деді Үкімет Басшысы С.Ахметов.




Яндекс.Метрика