Астана күні

Астана туралы қызықты 10 дерек: Қала тарихы

Астана – айналасы он жылдың ішінде әлемдік сәулетті қалалармен терезесі тең түрде дамып келе жатқан өзіндік архитектуралық жән сәулет өнеріне ие Қазақстанның жаңа елордасы. Қаланың әрбір ғимараты еуразиялық нақышпен салынған өз алдына бірер өнер туындысы. Астана саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекеттің белгісі. Елдің қоғамдық және мәдени өмірінің орталығы.
Нұр-Сұлтан 24 Маусым, 11:07

Қаланың пайда болу тарихына үңіле отырып Астана географиялық орналасуы тұрғысынан тоғыз жолдың торабында орналасқан Сарыарқаның төріндегі стратегиялық шаһар болып табылады. Мұндағы археологиялық қазба жұмыстарынан сонау қола дәуірінен бастап бабалардың мекен еткен шаһарларының салтанат құрғанын бүгінгі таңда ғалымдар дәлелдеп отыр. Мұндағы ең көрнекті тарихи нысандардың бірі Орта ғасырлардан бастап (VII-VIII ғғ) Қазақ хандығы дәуіріне дейінгі (XV-XVI ғғ) аралықта сайын даланың төрінде салтанат құрған Бозақ қаласының ежелгі орны.

1829 жылы Қарлық, Алтай және Қуандық болыстарының халқы, старшиналары мен сұлтандары орыстардан Қоқан хандығына қарсы тұруға елдің басын біріктіретін бірден бір шаһарға ие ішкі округ құрып беру туралы ұсыныс айтады. Осы тұрғыда олар бұл істі Федор Шубиновке сеніп тапсыруды сұрайды. Батыс Сібір губернаторы Вельяминов бұл ұсынысты құп алып, Ақмола атты төртінші округ ашады. Осыдан кейін Ақмола олбысы өңірдегі болыстардың басын біріктіретін бірден бір әкімшілік орталық болады.

1830 жылы полковник екінші Фёдор Кузьмич Шубин тарапынан (Бородино шайқасының қатысушысы) қазақтардың бекінісі құрылды.

XIX ғасырда бекініс қалаға айнала бастады. Өңірдің маңызды әкімшілік және саяси орталығы бола отырып барлық округті басқарды. Осы уақытта мұндағы халықтың саны шамамен 2000 адам болған. Алайда кейінгі 30 жылда қала халқы үш есеге дейін артты.

Қала өмірінің жаңа кезеңі өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары басталды. 1960 жылдың желтоқсан айында қала Қазақстан солтүстігінің ірі орталығына айналып, 1961 жылы шаһар Целиноград атала бастады.

1992 жылы Целиноград аты өзгертіліп қала қазақ тілінде Ақмола деген атпен алмастырылды. Ақмола аталу себебі, қалаға 20 шақырымдық қашықтықта бұрынғы жергілікті билердің сүйектері қойылған мазармен байланыстырылады.

1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен «жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өтінішін ескере отырып, Ақмола халқының тілегін есепке ала отырып Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияның тұжырымдамасы негізінде» Ақмола қаласы Астана деп аталатын болды. Ресми түрде Ақмола 1997 жылдың 10 желтоқсанында бекітілді. Ақмоланың жаңа елорда ретіндегі халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусым айында өткізілді. Алайда Астана күні Тұңғыш Президенттік туған күні 6 шілдеге алмастырылды.

1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды.

Индира Кауметова

Фотолар мұрағаттан алынды





Яндекс.Метрика