Астана күні

Астана - Қазақстан тіршілігінің орталығы - Р. Комутов

Бүгінде Астана Қазақстанның бірінші қаласы, деп есептейді «Web factory» студиясының жетекшісі Руслан Комутов. Бұл туралы ол «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 10:46

Бүгінде Астана еліміздің экономикалық және мәдени, теміржол мен автожол байланысының   орталығы болып табылады. «Web factory» студиясының жетекшісі Руслан Комутовтың пайымынша,  Астана Қазақстанның бірінші қаласы. Сонымен қатар, ол Қарағанды қаласының тұрғыны болсада Астана күні ол үшін ерекше мейремдардың бірі.

«Бүгінде астана дәрежесін 1997 жылы алған шаһардың келбеті түбегейлі өзгерді. Архитекторлар мен құрылысшылар сән салтанаты жарасқан, ұлттық, шығыстық және заманауи үрдістерді үндестіре отырып зәулім ғимараттарды салуда. Астана тіршілігі қайнап жатқан қарбалас қала.  Мұнда өмір сүру деңгейі жоғары, демек өмір сүру қолайлығы да жоғары», - деп Р. Комутов ағынан жарылды.

Бизнесмен қаладағы өзгерістерді қалт жібермейді. Себебі ол Астанаға жиі келіп тұрады.

«Астанаға мерейлі мерекесі қарсаңында шын жүректен табыс тілеймін. Бұданда биік белестерді бағындыра берсін. Осылайша халқын жеткен жетістігімен қуанта берсін», - деп ол жылы лебізін білдірді.

«Астана - Қазақстан өмірінің орталығы. Астанаға бүкіл ғалымдар, даналар, бизнес қауымдастық өкілдері жиналуда. Ол Қазақстанның номері бірінші қаласы», - деп Р. Комутов түйіндеді.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика