ҚР ИИДМБ

ОҚО-да ҮИИД бойынша 170 жоба жүзеге асуда

ОҚО-да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Индустриаландыру картасына Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы құны 705,2 млрд. тг. және 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 170 жоба енгізілген.
Оңтүстік Қазақстан24 Маусым , 10:29

Осы күнге дейін «Сайрам Сүт» ЖШС-гі сүт өнімдерінің 20 атауын шығаратын. Былтырғы жылдың желтоқсан айында ҮИИДМБ-ның Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа цехтың құрылысы басталып, өнім ассортиментін 30-ға дейін жеткізу көзделген еді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Бүгін, аталған цехтің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Өндірісті ұйымдастыру мақсатында 285 млн. тг. инвестиция тартылған. Жобаның қуаттылығы – 7200 тонна сүт өңдеп, айран, сүзбе, қаймақ және т.б. сүт өнімдерін шығарады.

 Кәсіпорында 48 жаңа жұмыс орны ашылған. Өндірісте Ресей Федерациясының технологиялық құрал-жабдықтары қолданылуда. Жобаны мерзімінде жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, компания алған несие бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелер субсидияланды.

Айта кетерлігі жыл сайын Сайрам ауданының шаруа қожалықтары 120 мың тонна сүт шығаруда. Оның 5 пайызы қаймақ және балмұздақ өндіруге жұмсалады. Бұл компанияның өнімдері танымал брендтердің тауарларынан сапасы жоғары болғанына қарамастан 20%-ға арзан.

Жобалардың 65% ауылдық жерлерде орналасқан. Бүгінгі таңда, жалпы құны 149,2 млрд. тг. құрайтын 104 жоба жүзеге асырылып, 9073 жаңа жұмыс орындары ашылды.




Яндекс.Метрика