Адами капитал

«Бөбек» Қоры тәрбиеленуші балалардың 90%-ын қамтиды

Орал қаласында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап білім беру жинақтау шоттарын ашу жөніндегі аймақтық семинар жұмысын бастайды.
Батыс Қазақстан24 Маусым , 10:14

Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде әлеуметтік маңызы зор қомақты жоба іске асырыла бастады. Осы ретте, Республикамыздың білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің 90%-ға жуығы «Бөбек» Қорының қайырымдылық акциясымен қамтылмақ. Олардың 700-ге жуығы батыс өңірінде тұрады, деп білім және ғылым министрлігінде хабарлады.

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының облыстық және қалалық білім басқармаларының жетекшілері мен мамандары,  білім беру ұйымдарының директорлары мен әлеуметтік педагогтары жиналмақ.

 Басқосуда қайырымдылық көмектің мақсатты бөлінуі, тәрбиеленушілерге білім беру жинақтау шоттарының ашылуы және білім беру қызметтеріне ақы төлеу тетіктері мәселелері және т.б қарастырылады.




Яндекс.Метрика