Астана күні

Басты міндет - әлемнің өмір сүруге қолайлы астаналарының қатарынан табылу

Біз алдымызға әлемнің өмір сүруге қолайы астаналары қатарынан табылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы Астананы одан ары дамытуға арналған келелі кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 24 Маусым, 09:46

«Астана өте белсенді дамып келеді. Елорда болып негізі қаланғанына 16 жыл ғана болса да жеткен жетістігі аз емес. Бүгінде біз алдымызға бұданда үлкен міндетті қойып отырмыз. Дәлірек айтсақ, біз алдымызға әлемнің өмір сүруге қолайлы астаналары қатарынан табылу міндетін қоюдамыз», - деді Елбасы.

Оның айтуынша, табиғи жағдайы бірдей Канада мен Сингапурдың қалалары сияқты шаһарды салу керек.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы EXPO-2017 нысандарының құрылыс жұмыстарында тілге тиек етті.

«Қаланың алдында тұрған басты міндеттердің бірі EXPO-2017 көрмесін өткізу болып табылады. Біздің аталмыш көрмені өткізу құқығын жеңіп алуымыз үлкен олжа. Бұл қаланың дамуына тың серпін береді. Демек, жаңа орталық Астана бой көтереді. Бұл дегеніңіз жаңаша көзқарас, жаңа жоғары сапа және ол еліміздің елордасына деген қызығушылықты арттырады», - деді Н. Назарбаев.

Айта кетерлік жайт, бүгінде  Астана -  ол инфрақұрылымы дамыған заманауи қала. Жақын уақытта жас Астана өзінің 16 жасын атап өтетін болады.

Мадина Нұрбекова





Яндекс.Метрика