Адами капитал

Кадет корпусын кезекті сержанттар бітірді

Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусында кәсіпқой-сержанттардың 16-шы бітіру рәсімі өтті.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 09:27

Дәстүрлі Жауынгерлік тумен қоштасу құқығы оқу үздігі Нұрлан Камаловқа ұсынылды, деп ҚМ хабарлады.

Бітірушілерге төс белгілері мен оқу орнын бітіргендері туралы дипломдар табыс етілді. 19 кәсіпқой сержант – командирлердің болашақ көмекшілері үздік диплом иегері атанды.

Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылғы шілде айында құрылған. Бұл оқу орнында кәсіпқой сержант – командирлердің болашақ көмекшілері білім алады.

Қадет корпусын бітірушілер ҚР Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінде табысты қызмет атқарып келеді.

 

 

 




Яндекс.Метрика