Өңірлер

Н. Назарбаев ШҚО-ның технологиялық жабдықтар зауытында болды

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өскемен технологиялық жабдықтар зауытында болды, деп Ақорданың баспасөз қызметінде хабарлады.
Шығыс Қазақстан24 Маусым , 09:10

Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысына облыста жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру картасының жобалары көрсетілді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев технологиялық жабдықтар өндіретін жаңа зауыт құрылысының барысымен танысты.

Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты жылу-энергетикалық кешен, құрылыс индустриясы мен металлургия кәсіпорындарына арналған өнімдер шығаруға мамандандырылған. Оның жабдықтары Қазақстанмен қатар алыс-жақын шетелдерде сатылады. 

 




Яндекс.Метрика