Евразиялық одақ

ЕЭК Кеңесі отырысында ЕАЭО туралы келісім ережелерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Сочиде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 09:12

Күн тәртібінде еуразиялық интеграцияны одан әрі дамытудың әлдеқайда өзекті мәселелері қаралды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Нақты айтқанда, Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қосылуы туралы Келісім жобасы, Қырғыз Республикасының еуразиялық интеграциялық жобаға қосылуы бойынша алдағы жұмысының барысы, сондай-ақ а.ж. мамырында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша алдағы жұмысы талқыланды. 

Қабылданған шешімдер кезекті ретте интеграциялық бірлестіктің ашықтығын нақтылады.

Бұдан өзге, Кеңес отырысында ЕАЭО туралы Келісім ережелерін жүзеге асыруға бағытталған актілер әзірлеу бойынша бірлескен жұмыстың негізгі аспектілері, Кедендік одақ аясында ХЖТ Конвенциясын қолдану бойынша, сондай-ақ Астана қаласында ЭКСПО-2017 жобаларын іске асыру бойынша мәселелер талқыланды.

Жалпы, Кеңес мүшелерінің пікірінше, қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктегі елдердің өзара іс-қимылы әлеуетін одан әрі тиімді жүзеге асыруға бағытталған.




Яндекс.Метрика