Өңірлер

Мемлекет басшысы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында болды

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында салынып жатқан осы жаңа тұрғын үй алабының құрылыс жұмыстары барысымен танысып, оның макеттік үлгісін көрді.
Ақтөбе23 Маусым , 17:54

Бұл ретте ол құрылыс жобасын сынға алып, оны заманауи архитектуралық талаптарға сәйкестендіру қажеттігін айтты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сіздерге осындай ауқымды тұрғын үй алабын салудың бірегей мүмкіндігі туып отыр, сондықтан бұл міндетке барлық жауапкершілікпен қараған жөн. Архитектуралық әралуандықты қамтамасыз етіп, ең жоғары стандарттарды  ескеру керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй алабы жобасына 250 адамға есептелген 5 шағын аудан кіреді. Құрылыс жұмыстары 2012 жылы басталып, 2013 жылы жалпы ауданы 78 мың шаршы метр 1224 пәтер пайдалануға берілді. Биыл 972 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика