Астана күні

Астана туралы 10 қызықты тарихи дерек: Астана қаласының төлтаңбасы

2008 жылдың 5 маусымында қалалық мәслихаттың кезектен тыс 16-ыншы сессиясында Қазақстан астанасының жаңа төлтаңбасы мен туы бекітілді. Жаңа төлтаңба тұжырымдамасы мен эскизінің авторы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 18:31

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының Төлтаңбасы "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген дөңгелекті білдіреді, «Бәйтерек» негізінде «құс қанаты» әшекейі орналасқан. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде «Бөрікөз» оюы, ішкі сақинасында – «көкшіл аспан» бейнеленген. Елтаңбаның сыртқы сегменті «Астана» жазуымен толтырылған.

Бәйтерек – төрткүл дүниені құшағына сыйғызған алып ағаш. Ол дамып келе жатқан ғарыш кеңістіндегі тірі ағза ретінде қабылданады. Бұл ортадағы символикамен тығыз байланысып тұр.

Шаңырақ – өзің өсіп-өнген отбасыңның әлем кеңістігімен ортақтастығын білдіреді. Осылайша ол көркемдік шешім тұрғысынан алғанда, екі символды – Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру арқылы жүзеге асырылған. Бәйтеректің негізіне аңыздағы Самұрық құстың самғауын танытатын «құсқанаты» оюы өрнектелген. 

Бұл ұстаным сол жағалаудың түйіндік символикалық безендірілуі (ұясынан ұшқан Самұрық құстың көлеңкесі Президенттік паркке түсіп тұр).

Төлтаңбаның бүкіл аумағы екі сақинадан тұрады, сондай-ақ оның да өзіндік бейнелі мәні бар.

Сыртқы сақина ұлы даланың тарихы терең қатпарларда жатқандығын білдіреді. Ал сыртқы сақинаның қызыл түсі Оттың аластаушылық құдіретінен туған. Ежелгі түркілер отты туу, жетілу және даму ұғымымен байланыстырып, тіршіліктің тірегі ретінде бағалаған. Ошақтың отын күннің жылуына балаған.

Сондай-ақ қызылмен көмкерілген от-жалынды кірер есікті білдіреді, одан өткен әрбір адамның жаны тазарып, рухы артпақ. Көшпенділер көп жағдайда қызыл түсті ерлік рух пен айбынды жеңісті бейнелейтін жауынгерлік тудың түсі ретінде қабылдаған. Ал ішкі сақина тәуелсіз Қазақстанның жаңарған бейнесін және Астананың асқақтығын танытады.

Төлтаңбаның түсті гаммасында көгілдір түстің бары байқалады. Ол тәуелсіздік пен егемендіктің жаршысы іспетті мемлекеттік тудың бейнесіне негізделген. Бәйтерек пен шаңырақ бейнесі заманауи Қазақстанның өткені мен бүнгінінен хабар береді. Елтаңбада осылармен қатар өзге де бірқатар элементер бар. Жасыл жиектеме сәндік бұйым ретінде қолданылып, жастық пен көктемгі берекені білдіреді. Төменгі титулдық сегменттегі «Астана» жазуы бар. Аталмыш шаңырақтың жиегінде уықтың бейнесі де өз орнын тапқан.

Естеріңізге сала кетейік, 1998-2008 жылдары Астананың төлтаңбасы мүлде өзгеше болатын.

Төлтаңбаның жан-жағында дөңгелек шығыс қалқаны бейнеленген. Сонымен қатар сақтардың қанатты барысы да төлтаңбадан өз орнын алған. Барыстың басында қазақ хандарының дулығасы  түріндегі сурет айшықталған. Аталмыш бейнеде қазақтың соңғы ханы Кенесарының бейнесі Президент Н.Назарбаевтың тұлғасымен үндестірілгені көпшіліктің назарын тартпай қоймасы анық. Атақты қорған жаңа мемлекеттің мызғымастығының дәлелі. Ақ түстің мағынасы – тазалық пен даналықты білдіргендей.




Яндекс.Метрика