Өңірлер

ҰКП 1-інші съезде Үкімет алдында жарты жылдық бойынша есеп береді (Брифинг бейнебаяны)

Астанада 25 маусымда кәсіпкерлердің 1-інші съезінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет алдында жарты жылдық жұмыс бойынша есеп береді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР ҰКП Басқарма мүшесі Екатерина Никитинская мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 17:24

«Бүгінде біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінде бизнес-қауымдастықтың пікірін жинады деп айта аламыз. Сондықтан да біз алдағы кәсіпкерлердің 1-інші съезінде бизнес-қауымдастықтың және тең құрылтайшымыз Үкімет алдында жарты жылдық жұмысымыздың есебін беретін боламыз. Расында да біз қобалжудамыз, алайда осы аз уақытта бірқатар шаруларды атқардық депте айталамыз», - деді  Е.Никитинская.

«Біз жарты жыл бойы жаңа ҰКП ұйымы шеңберінде жұмыс істеп келеміз. Сондықтанда біз өз қызметіміздің бағытының қаншалықты дұрыстығын, алғашқы нәтиженің қандай екенін, бизнес-қауымдастықпен орнатылған байланыстың дұрыстығын түсініп алған жөн», - деп ол баса айтты.

Жалпы, Е. Никитинскаяның айтуынша, съезде маңызды мәселелер, ҰКП даму стратегиясы талқыланатын болады. Сонымен қатар, мүшелік жарна мәселесі де көтеріледі. 

Камила Амирова 





Яндекс.Метрика