Қалаларға шоғырлану

Астаналық ІІД 40 жаңа көлікті тізгіндеді

Қазақстан Полициясының күні елордалық тәртіп сақшылары үшін есте қаларлық күн болды. Бүгін ІІД қызметкерлеріне су жаңа 40 автокөліктің кілті табысталды. Жұмыс істеуге қажетті техникамен жабдықталған «Peugeot» маркалы көлігі Қазақстанда құрастырылған, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 18:00

«ІІМ 22 жылдығы мен Астана қаласының 16 жылдығы қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің көмегімен 40 көлік алдық. Қала көшелері мен қылмысты болдырмауды қадағалайды. Біздің қажеттілікті өтейді. Өйткені есептен шығатын көліктер бар. Бұл көліктерге бейне тіркейтін қондырғы орнатамыз. Сосын толықтай жұмысқа шығады», - деді Астана  қаласы ІІД ӘПБ бастығы Бақытжан Малыбаев.

Қала тыныштығын сақтап, қылмысқа қарсы күресті күшейтуді мақсат еткен мекеме басшылығы жаңа көлік ел астанасының климаттық жағдайына да төзімді екенін айтты. Әрі Ішкі істер органындағы техникалық базаның нығайып, қашып құтылмақ болған қылмыскердің ізін суытпай тұтылуына да септігін тигізеді.

 




Яндекс.Метрика