Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Қасымова: Астана – Қазақстанның экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік дамуының жарқын мысалы

Астана Қазақстанның экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік дамуының жарқын мысалы болып табылады. Бұл туралы елордалық Көлік мамандарының біліктілік орталығы жетекшісінің орынбасары Аяжан Қасымова Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 16:07

Елорданың елорда болып қалыптасқан 16 жылы ішінде қаланы гүлдендіру жолында ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан экономикалық дамудың тұрақты деңгейіне көтеріліп, елордамыз мемлекеттің экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік дамуының жарқын мысалына айналып отыр», - дейді А.Қасымова.

Айта кету керек, көлік саласында еңбек етіп келе жатқан Аяжан Қасымова осы саладағы жаңалықтарымен де бөлісуді жөн санады: биылдан бастап Астанада елордалық жолаушылар көлігінің жүргізушілері мен кондукторларын заманауи технологиялармен оқытатын Қазақстандағы алғаш көлік саласын мамандарының біліктілік орталығының ашылғанын айтты.  

«Елордада тұрғындар мен қонақтарға барынша қолайлы жағдай қалыптастыру үшін қоғамдық көліктерге үлкен маңыз берілуде. Жолаушылардың жайлылығы үшін қала әкімдігі жаңа автобустар алып, қоғамдық көліктердегі қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірқатар бастамаларды қолға алды. Соның ішінде Қазақстандағы алғашқы Транспорт мамандарының біліктілік орталығының құрылуы бұл саланың дамуына жаңадан серпін берді», - дейді А.Қасымова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елордада 8 көліктік кәсіпкерлік жұмыс істеуде. Олар қала бойынша 50 бағытта жолаушылар тасымалдайды. Аталмыш бағыттар бойынша күн сайын 700 шақты қоғамдық көлік халық игілігіне қызмет етеді.

Сонымен қатар, Елорда күні қарсаңында А.Қасымова барша астаналықтар мен қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. 





Яндекс.Метрика