Мәдениетті жаңғырту

Астанада Қызылорда облысының мәдениет күндері өтеді

26-29 маусым күндері Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Қызылорда23 Маусым , 19:23

Арқа төріндегі бас қала тұрғындары Сыр өнерпаздарының шығармашылығын тамашалайды. Күмбірлеген қобыз, домбыраның қоңыр үні, жыршы, әнші, мың бұралған бишілер, театр әртістерінің қойылымдары елордалықтарға рухани кеш сыйламақ, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сондай-ақ,  «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ұйымдастырылмақ. Астаналықтар мұнда Қызылорда облысы аумағында болған ескі қалалармен танысып, қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалайды.Иран-Ғайыптың «Қорқыт» драмасы сахналанады. «Тілеп Қобыз» сарайында «Сыр сүлейін сұрасаң...» жыршы-орындаушылардың дәстүрлі жыр кеші және оқушылар сарайында Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясының қойылымы өтеді.

 




Яндекс.Метрика