Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда ерікті донорлық 50 пайызды құрайды – Ш.Мұсабекова

Бүгінгі таңда Қазақстандағы қайтарымсыз ерікті донорлық 50 пайызды құрайды, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығының директорының орынбасары Шайжамал Мұсабекова.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 13:09

«Елорда күні қарсаңында қала әкімдігінің бастамасымен «Бір тамшы қан – бір адамның ғұмыры!» акциясын өткізді. Шара аясында шамамен 310 адам ерікті түрде қайтарымсыз қан тапсырды», - дейді.

Оның айтуынша, акция әрбір адамның донор бола алатынын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Акция арқылы халық арасында қан тапсырудың маңыздылығы мен оған мұқтаж адамдардың көптігі түсіндірілді. Қазіргі таңда туысқандық, ерікті және кадрлық донорлық қызметтері бар. Ал бүгінде әлем жүз пайыздық қайтарымсыз ерікті донорлыққа көшуде. Әзірше Қазақстанда бұл көрсеткіш 50 пайызды құрайды», - дейді.

«Сонымен қатар, трансфузиология орталығы республикалық орталықтардың ішінде алдыңғы қатардан көрінеді. Біз жыл сайын шамамен 36 литр қан дайындаймыз. Оған шамамен 45 мыңдай адам араласады», - дейді Ш.Мұсабекова.

Оның айтуынша, жоғарғы білікті көмек қызметінің артуымен қан мен оның компоненттерін құятын хирургиялық операцияларға деген сұраныс артуда. «Қанға айналдыру барысында шамамен 120 литр қан дайындап, осы арқылы 75 адамға көмек көрсете аламыз», - дейді.





Яндекс.Метрика