Өңірлер

Алматыда алғашқы Халықаралық қонақ үй форумы өтеді

2014 жылдың 24-25 маусымында Алматыда алғашқы Халықаралық қонақ үй форумы өтеді.
Алматы қаласы23 Маусым , 19:42

Қонақ үй форумы – шетелдік және қазақстандық сарапшылардың, мемлекеттік орган өкілдерінің, қонақ үй нарығы қатысушыларының, оқу орындары өкілдерінің халықаралық және қазақстандық қонақ үй бизнесінің даму үдерісін, брэндингін, инновациясы мен басқаруын, қонақ үй бизнесін дамытатын механизмдерді талқылайтын алаң болып табылады.

Форумға жергілікті білікті мамандар, Германия, Венгрия, Түркия, Ресей, Украина мен Әзірбайжанның шетелдік сарапшылары қатыстырылды.

Пленарлы отырыс, ашық пікір талас мен шеберлік сыныптарынан бөлек шара қонақтары «2013 жылдың үздік отелі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысады.




Яндекс.Метрика