Инвестициялар

Агроөнеркәсіптік инвестициялық форум аясында инвесторлармен бірқатар келісім орнатылды

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінде Қазақстанның бірінші агроөнеркәсіптік инвестициялық форумының алғашқы қорытындысы жасалды.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 12:01

Әңгіме оңтүстік аймақта жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу зауытын салу және  венгрияның Mirelit Mirsa и Lac Holding компаниясымен жүгері өсіру және сақтау үшін сервистік орталық құру, 20 мың бас ІҚМ басына арналған бордақылау алаңын құру, БАӘ  Emirates Futures компаниясымен 1 млн. басқа арналған қой шаруашылығы және 3 мың басқа арналған ірі тауарлы сүт фермасын құру, мысырдың Сairo Poultry Company компаниясымен 70 мың тоннаға арналған ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы туралы. 

Бұдан басқа,  Salim Group индонезия компаниясымен жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша және  венгрияның Vitaford компаниясымен жемшөп өндірісін дамыту бойынша келісімдерге қол жеткізілді, деп холдингте хабарлады.

Суару жүйесінде мамандандырылған францияның Irrifrance компаниясы және қазақстандық «Будан» ӘКК үшін форум ынтымақтастық туралы құжатқа қол қоюмен аяқталды. 

Әлеуетті инвесторлар үшін холдингпен агросекторда іске асырылатын және қосымша инвестицияны қажет ететін 66 инвестициялық жобаның тізімі қалыптастырылды.




Яндекс.Метрика