Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2015 жылға қарай ғарыш аппараттарын жинау-сынау кешені салынады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғарыш Агенттігі 2015 жылы ғарыш аппараттарын жинау-сынау кешенін пайдалануға береді, деп мәлімдеді бүгін Мәжілістегі үкіметтік сағатта Агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 11:19

«Астанада француздық Airbus Defence and Space серіктес компаниясымен бірлесе отырып стратегиялық маңызды нысан – ғарыш аппараттарының жинау-сынақ кешені салынбақ. Бұл Қазақстандағы ірі ғарыштық инфрақұрылымның нысандарының біріне айналмақ. Бұл дегеніңіз қазақстандық мамандардың жобалау, ғарыштық құрылғыларды жинау мен сынуға мүмкіндік беретін үлкен заманауи зауыты», - дейді Т.Мұсабаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, кешен құрамына тәжірибелі өндірісті ғарыштық техникасының конструкторлық технологиялық бюросы енеді. Оны пайдалануға беру мерзімі 2015 жылға белгіленіп отыр.

«Қазіргі таңда іргетас қалау, сыртқы инженерлік желілер мен жертөле құрылысы жұмыстары аяқталды. Енді ғимараттың метал каркасы монтажы жұмыстары жүргізілуде», - дейді ол.

Аталмыш стратегиялық нысан ғарыш қызметінің дамуына айтарлықтай серпін беріп, Қазақстанның ғарыш аппараттарын жобалау мен өндіру қызметтерін ұсынуда халықаралық нарыққа шығуына жол ашады.

Сонымен қатар, Қазғарыш төрағасының айтуынша, үлкен жобалардың бірі – еліміздегі жоғарғы деңгейдегі ғарыштық навигация жүйесінің жер беті инфрақұрылымын құру жобасы аяқталуға жақын. «Жоғарғы деңгейдегі ғарыштық навигация жүйесі ақырғы қолданушыға геодезия, картография, жер бетін пайдалану, ауыл шаруашылығы, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік салаларындағы міндеттемелерді орындаудың координаты мен уақытын анықтау қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді», - дейді. 




Яндекс.Метрика