Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада ЖҚБ жер беті ғарыштық басқару аппаратының кешені пайда болады

Астанадағы ЖҚБ жер беті ғарыштық басқару аппараты кешені биылғы жылдың шілде айында пайдалануға берілмек, деп мәлімдеді бүгін Мәжілістегі Үкіметтік сағатта Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғарыш Агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 10:55

«Астанадағы жерді қашықтықтан басқаратын ғарыштық жүйенің жер беті сегменті орналасқан Ұлттық ғарыш орталығының құрылысы аяқталады. Соның көмегімен ЖҚБ жер серігі басқарылып, осынау жер серіктерінен ақпаратты алу мен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Аталмыш ЖҚБ жер беті ғарыштық басқару аппараты кешені биылғы жылдың шілде айында пайдалануға берілмек», - дейді Т.Мұсабаев.

Қазғарыштың төрағасының айтуынша, жерді қашықтықтан басқаратын ғарыш жүйесі салалық экономиканың міндеттемелерін орындау үшін ЖҚБ жүйесінің жедел мониторингтелген мәліметтері мен ақпараттарын алудағы Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

«Мысалға, ЖҚБ ғарыштық жүйесінің көмегімен ауыл шаруашылығында егістік кезең, ауыл шаруашылығындағы егістік аймақты бағалау, егістік жағдайын бақылау, зиянкестердің тарау аймақтарын анықтау үшін климаттық жағдайға мониторинг жүргізуге болады. ЖҚБ ғарыштық жүйесінің басты артықшылықтарының бірі төтенше жағдайларды алдын ала ескерту. Мысалға, ЖҚБ жер серігі төтенше жағдайлардың көзін ерте кезден анықтап, зардап шегетін аймақты анықтап, алдын ала шара қодануға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 30 сәуірінде Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағының старттық аймағында алғашқы қазақстандық KazEOSat-1 ЖҚБ жер серігі ұшырылды. Екінші ДЗЗ KazEOSat-2 жер серігі 2014 жылдың 20 маусымында Орынбор облысының Ясный ғарыш айлағынан ұшырылмақ. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика