Өңірлер

Алматы облысында 2 индустриялды аймақ пайда болады

Алдағы уақытта Талғар және Жамбыл аудандарында жаңа индустриалды аймақтар құрылатын болады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы23 Маусым , 10:51

Облыстың жетелдетілген индустриалды дамуы болашақта индустриалды аймақтарды құру мен оның жүктемесін арттыру арқылы жүзеге асырылмақ. Қазіргі кезде өңірде үш индустриалды аймақ - «Боралдай», «Талдықорған», «Арна» және– «Шамалған» және «Даму» өнеркәсіп аймағы жұмыс істейді.

Оларда барлығы 26 кәсіпорын орналасқан. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, тағы да екі индустриалды аймақ, атап айтқанда Талғар және Жамбыл аудандарында құру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сөйтіп облыстағы индустриалды аймақтарда барлығы 400 кәсіпорын орналасады және онда он төрт мың жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде 2020 жылға қарай өнеркәсіп өндірісін 1,6 есеге ұлғайтып, өнеркәсіп өнімінің көлемін 944,3 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр.




Яндекс.Метрика