Инвестициялар

Қостанай облысында инвестициялық жобалардың есебінен АӨК өндірісі 20% өседі

Толығымен алғанда облыстың аграрлық өнеркәсіп кешені саласына индустриалдық-инновациялық дамудың бірінші бес жылдығында пайдалануға 50 млрд. теңгенің меншікті және қарыз қаражаттары бөлінген 85 инвестициялық жоба енгізілді,2,5 мың жұмыс орыны құрылды.
Қостанай23 Маусым , 10:36

Кезең ішінде осы кәсіпорындармен 26 млрд. теңгеге өнім шығарылды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Іске асырылған инвестициялық жобалардың толық жобалық қуаттылығына шығу барысында: 17 мың тонна ет, соның ішінде 5 мың тонна қара мал еті, 35 мың тонна сүт, 366 млн. дана жұмыртқа, 8,6 мың тонна өсімдік майы, 350 мың тонна ұн, 22 мың тонна макарон өнімі қосымша өндірілетін болады.

Нәтижесінде облыстың АӨК өнімін шығару 50 млрд. теңгеге өседі немесе 20 % артады. 2013 жылы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығуы 253 млрд. теңгені құрды.




Яндекс.Метрика