Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда тұңғыш рет Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекеленуде

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өткен жылы 23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер күні деп бекітілген болатын.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 10:02

Естеріңізге сала кетейік, 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының 57-інші Бас Ассамблеясының Сессиясы өтіп, 23 маусым БҰҰ-ның Мемлекеттік қызметкерлер күні деп бекітілді. Сонымен қатар, БҰҰ мүше мемлекеттерді дәл осы күнді Мемлекеттік қызметкерлер күні деп тануға шақырған болатын.

Қазақстанда мемлекеттік  қызметте 90 мыңнан астам азамат нәпәқасын тауып отыр. Олардың 49 мыңнан астамы нәзік жандылар. Саяси қызметкерлердің орташа жасы 48 жас, әкімшілік қызметкерлерінікі - 39 жас,  «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінікі - 45 жас,  деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен хабарлады.

Мемлекеттік қызмет саласын табысты реформалау және бәсекеге қабілетті, сауатты, білікті мамандармен толықтыру ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың  саяси ұстанымының нәтижесі.

Айта кетерлік жайт, мемлекеттік қызмет бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен хабарланғандай, республика бойынша жаңадан мемлекеттік қызметке кіріскендер  немесе қайта осы салаға оралғандар салтанатты түрде ант қабылдайтын болады. Сонымен қатар, оқу орындарында мемлекеттік кадрлық саясатты түсіндіру бойынша тематикалық сабақтар өткізіледі.




Яндекс.Метрика