Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің өзгеруі

Оралда «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдана бастады

Оралда «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдана бастады
Батыс Қазақстан01 Қаңтар , 00:00

Орал қаласы тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторында ұзын – сонар кезек қалыптасты. Жүздеген оралдық жаңа пәтерлер алуға үміттеніп отыр. Облыс орталығында жас отбасылар үшін төрт үй салынып жатыр.

«Жас отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге құжаттар 8 қаңтарда қабылдана бастады. Кейіннен сатып алу құқымен жалға берілетін баспананы алуға үмітті отбасылар өтініш жазар кезде келесі талаптарға сай болулары керек: жұбайлардың екеуі де 29 жастан аспауы керек, олардың некеге отырған уақыты 2 жылдан кем болмауы керек және екеуі де облыс орталығында тіркеуде болуы қажет. Сондай-ақ, олардың баспаналары болмауы керек», - деді қалалық ТКШБ тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Арман Бісімбәлиев.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жас отбасылардан құжаттарды 8 ақпанға дейін қабылдайды. Егер үміткерлер саны пәтерлерден көп болса, онда баспана балдық жүйемен беріледі.

Жаңа пәтерлердің шаршы метрінің құны 90 мың теңгеден аспайды.




Яндекс.Метрика