Өңірлер

Атырауда ғалымдар мұнай және газ саласы мәселелерін талқылады

Атырау қаласында «Мұнай-газ саласының ғылыми-технологиялық және экологиялық мәселелерін математикалық модельдеу» атты дәстүрліVIII Қазақстан-Ресей халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Атырау23 Маусым , 09:43

Конференцияда  ғалым-математиктердің және өндіріс мамандарының алдыңғы қатарлы зерттеулері мен жасақтамалары, оларды өндірісте қолдану мәселелері қаралды, деп атыраулық мұнай және газ институтының аспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияны Халықаралық конференция бағдарламалық комитетінің төрағасы академик Б.Т. Жұмағұлов ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасында ғылымды қолдау және оның экономикаға қосар үлесінің артуы – Елбасы-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарынан туындайтын міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар аталған бағыттың  жаңа алғышарттары Еуразиялық Экономикалық Одақтың және Мемлекет Басшысының Шетел инвесторларының 27-ші пленарлық отырысында айқындалған міндеттерден туындайды.

Конференцияға қатысушылар мұнай-газ саласының қазіргі заманғы жағдайы мен дамуын және оның маңызды бағыттарын математикалық модельдеу  мәселелерін қолдануды талдады. Гетерогенді ортадағы математикалық моделдеуді өңдеу  мәселелері  және мұнай қабаттарына әсері, автоматты талдаудық практикалық жүйесін құру және кенорындарын өңдеуді оңтайландыру, саланың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, ғылым, білім беру мен  техникадағы  инновациялық технологиялардың дамуы, алынған ғылым жетістіктерінің тәжірибеде  жүзеге асырылуы, аталған саланың бағыттары  мен ғылыми-инновациялық қызметінің  даму міндеттері  талқыланды.




Яндекс.Метрика