Астана күні

Елорда күніне орай Астана ажары нұрлана түседі

Елорданың 16 жылдық мерекесіне дайындық өз деңгейінде жүріп жатыр. 20 маусымнан бастап Елорда күніне арналған ресми шаралар басталып кетті. Алайда кеңейтілген концерттік шаралардан бөлек қаланы абаттандыру жұмыстары да қолға алынуда.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 09:02

Астанада мерекелік ауаны қалыптастыру үшін 12 нысан мен ғимарат сәндік бұйымдармен безендірілді. Сонымен қатар, елордада жалпы көлемі 160 мың шаршы метр жерге 8 млн гүл көшеті, 1 млн өзге де өсімдік түрлері отырғызылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаланың сәулетіне сән қоса түсу мақсатында диаметрі 1,2 метрден 2 метрге дейінгі дөңгелек түріндегі 43 геометриялық фигура салынды. Сонымен қатар,1 089 аспалы гүлдер де қойылды. Бұлардан бөлек тағы да бірқатар жерлерге гүл мен сәндік бұйымдар орнатылды.

Қаланың ішкі аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Осының аясында 6 485 ағаш егілді.

Естеріңізге сала кетейік, Елорда күнін тойлау бағдарламасы биылғы жылы ерекше өтпек. Астананың әр тұрғыны мен қонағы 70 шақты шараны тамашалай алады. Қала қонақтары мен тұрғындарға арнап көпшілік шаралар, фестивальдер, халықтық серуендер, балалар ұйымдарының шығармашылықтары, спорттық-сауықтыру шаралары, аспаздық шеберліктер мен өзге де көптеген байқаулар ұсынылмақ. 




Яндекс.Метрика