Астана күні

Астанада A'Studio тобы өнер көрсетеді

7 шілде де Қала күні мерекесі аясында Қазақстан ОКЗ Астананың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен А’Studio тобының концерті өтеді.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 15:23

Ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлағандай, А’Студио Астананың кезекті төл мерекесінің құрметіне өз тыңдармандарына ауқымды шоу тарту етпек. Сахнаға құрылған таңғажайып декорация, жанды дауыс әрі атышулы топтың симфониялық жаңа нақыштағы ұмытылмас хит әндері астаналықтарды ерекше әсерге бөлемек.

Арнайы концертке арнап оркестр авторы Алмас Серкебаев әйгілі ұжымның «Джулия», «Стань    моей молитвой», «Нелюбимая», «Солдат любви» хиттері желісімен «Фантазия» аспапты туындысын дүниеге әкелді.

Концерт қонағы  - The Jigits тобы болады.




Яндекс.Метрика