Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

Қызылордада 389 кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында білім алды

Қызылордада 389 кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» бағдарламасымен оқып шықты. Бұл туралы «Даму» қоры аймақтық филиалының менеджері Анар Қожаниязова хабарлады.
Қызылорда15 Шілде , 00:00

«Жыл басынан бері «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында 389 кәсіпкер білім алды. Курсты аяқтаған соң олар «Damustart — up» бағдарламасымен табысын растамай-ақ несие алу мүмкіндігіне ие болды. Аталған жоба бойынша облыстың жеті ауданы мен Қызылорда қаласында екі күндік тегін семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған қатысушылардың барлығына сертификат алып, кәсіпкерлік негіздері мен құжаттар пакеті бар оқу-ақпараттық материалдар берілді»,-деді Қордың аймақтық филиалының менеджері А. Қожаниязова.




Яндекс.Метрика