Астана күні

Астана әлемнің танымал қалаларының біріне айналды - Талғат Хасенов

Бүгінде Қазақстанның елордасы Астана әлемнің танымал қалаларының біріне айналды. Бұл туралы «Strategy2050.kz» берген эксклюзивті сұхбатында Қарағанды қаласындағы Unitea компаниясының диреткоры Талғат Хасенов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 11:02

«Мен Астанада 1997 жылдан бастап тұрып келемін. Осы уақыт аралығында шаһар үлкен өзгеріске ұшырады. Зәулім ғимараттар бой көтерді, сән-салтанаты жарасып қаламыз күн санап көркейе бастады. Бүгінде Астана әлемнің танымал қалаларының біріне айналды. Мұнда халықаралық деңгейдегі маңызды шаралар көптеп өткізіледі. Ал, шет мемлекеттен келген қонақтар қаланың санаулы жылда осыншама өзгеруіне тамсанып қоя береді»,- деді Талғат Хасенов.

Сонымен қатар, кәсіпкер астаналықтарды алдағы келе жатқан Астана күнімен шын жүректен құттықтап, елорданың одан ары өсіп өркендеуіне бірге атсалысуға шақырды. Бұдан басқа ол еліміздегі шағын және орта бизнес үшін жасалып жатқан игі шараларды тілге тиек етті.

«Мен 1995 жылдан бастап 20 жыл уақытқа жуық кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Осы уақыт аралығында мен Елбасының қолдауын қатты сезіндім. Еліміздегі кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалараға өзгертулермен толықтырулар енгізілді. Қағазбастылық азайтылды. 2000 жылдары рұқсат беру қағаздар тізімі қысқартылып, лиценция алынып тасталды. Еніді міне ЖШС ашу соншалықты көп уақыт алмайды. Тек қажет құжаттарын толық болса болғаны», - деп кәсіпкер Т. Хасенов ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Ұлттық инвесторлар кеңесінде әлемнің бірде бір мемлекетінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» сынды бағдарлар жоқ деп қадап айтқан болатын.

Кәсіпкер атап өткендей, мемлекет тарапынан шын мәнінде үлкен көңіл бөлінуде. Ал, бизнес өз кезегінде жергілікті жұртты бос жұмыс орынмен қамтамасыз етуі керек. 




Яндекс.Метрика