Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

Теміртауда грант жеңіп алу үшін кәсіпкерлерге байқау жарияланды

Теміртауда грант жеңіп алу үшін кәсіпкерлерге байқау жарияланды. Өздерінің бизнес жобаларын қорғай алған жағдайда жеңімпаздар мемлекеттен 1,5 млн-нан 3 млн теңгеге дейін грант ұтып алады.
Қарағанды24 Мамыр , 00:00

Теміртау қалалық әкімдігінде мемлекеттік грантты кәсіпкерлерге таныстыру барысын талқыланды.Гранттарды үйлестіру моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осы мақсатта ел бюджетінен биыл 20 млн теңге бөлінген. Кез келген қатысушы өз кәсібін дамыту үшін 1,5 мл-нан 3 млн теңгеге дейін грантқа ие бола алады.

«Несие тарихы жоқ байқауға қатысушылар бір жылдан аз уақытта компанияның тіркелуімен жеке кәсіпкер атала алады. Жоба бәсекеге қабілетті және ақша салуға дайын болуы керек. Кәсіпкерлер материалдар,материалдық активтер мен технология секілді негізгі құралдарын игеруге мемлекеттің құралдарын қолдануы керек», - деді Теміртау қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің  бастығы Ғалымжан Спабеков.

 




Яндекс.Метрика