Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан 2030 жылы энергетика нарығы көшбасшыларының бірі болады - инвесторлар

EY халықаралық компаниясы 2014 жылдың басында 28 мемлекетті таныстыратын 200-ден астам шетелдік инвесторлардың арасында сауалнама жүргізді.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 10:03

Инвесторлардың пайымынша алдағы 3 жыл бойы энергетика саласы қаржы салуда тартымды секторлардың бірі болмақ. Сауалнамаға қатысқандардың болжамы бойынша Қазақстан 2030 жылы энергетика  нарығы көшбасшыларының бірі болады. 

Сонымен қатар, жоғары технологиялар, телекомуникация құралдары мен инфрақұрылымдар, кәсіби қызмет көрсету салаларының да әлеуеті жоғары және олар мемлекетке айтарлықтай табыс әкеледі. Тіпті, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізетін болады. 

Бұдан басқа, олар  Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануы, инновациялық қызметтің белсенді дамуы мен «жасыл» технологияға көшуі мемлекетті инвесторлар алдында тартымды етеді, деп бір ауыздан жауап берген. 

Бүгінде Қазақстан «Жаңа жібек Жолының» маңызды құрамдас бөлігі. Оның Еуропа мен Азияны байланыстыратын көліктік түйін  ретінде дамуына  мүмкіндігі жетерлік. Оның үстіне, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы жүруде.  Тоғыз жолдың торабы трансконтиненталды автокөлік магистралінен тұратын болады.  Сонымен қатар, өтімділігі жоғары теміржол желілері салынуда. Осының барлығы Республикаға  тауар айнламынының өсуін ескере отырып негізгі көлік түйіні болуына барлық мүмкіндіктерді береді, деп есептейді инвесторлар. 




Яндекс.Метрика