Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев ШОБ-ті дамыту үшін барлық жағдайды жасады - кәсіпкер

Бүгінде Қазақстанда Н. Назарбаевтың бастамасымен ШОБ дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Бұл туралы «Strategy2050.kz» берген эксклюзивті сұхбатында Қарағанды қаласындағы Unitea компаниясының директоры Талғат Хасенов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 18:21

«Мен 1995 жылдан бастап 20 жыл уақытқа жуық кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Осы уақыт аралығында мен Елбасының қолдауын қатты сеніндім. Еліміздегі кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалараға өзгертулермен толықтырулар енгізілді. Қағазбастылық азайтылды. 2000 жылдары рұқсат беру қағаздар тізімі қысқартылып, лицензия алынып тасталды. Еніді міне ЖШС ашу соншалықты көп уақыт алмайды. Тек қажет құжаттарын толықтырса  болғаны», - деп кәсіпкер Т. Хасенов ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Ұлттық инвесторлар кеңесінде әлемнің бірде бір мемлекетінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» сынды бағдарлар жоқ деп қадап айтты.

Кәсіпкер атап өткендей, мемлекет тарапынан шын мәнінде үлкен көңіл бөлінуде. Ал, бизнес өз кезегінде жергілікті жұртты бос жұмыс орынмен қамтамасыз етуі керек.




Яндекс.Метрика