Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Медицина оқу орындарында 23 мың студент мемлекеттік грантпен білім алуда

Ұлт саулығы Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Бұл салада жоғары білікті мамандардың атқарар рөлі зор. Осы ретте Үкімет саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында барлық шараларды қолға алуда.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 17:08

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, 2014 жылы еліміздің барлық медициналық білім ордаларында клиникалық мамандық бойынша 27417 стдент білім алуда. Олардың 23016 грант иегерлері, ал 5257 келісім бойынша білім алып жатқандар. 

Соңғы жылдары медициналық оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс 5000 орынға жетті. Дәрігерлерді даярлауда жаңа бағдарламалар енгізілуде. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздегі осы саладағы іргелі оқу орындары заманауи технологиямен жабдықталды. 

Оның үстіне 2012 жылы ҚазҰМУ мен ҚММУ ортақ ұжымдық пайдалану үшін 2 ғылыми зертхана жасақталды. 

Дәл осы жылы Білім мен дағдыны бағалау тәуелсіз республикалық орталығы құрылды. Ол медицина саласы қызметкерлерінің біліктілігін анықтауға мүмкіндік береді. 

Құрылған орталықтың әлеуетін арттыру үшін АҚШ-тағы Ұлттық медициналық емтихан алушылар кеңесімен стратегиялық әріптестік құрылған.  




Яндекс.Метрика