Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы заң жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды

Бүгін Мәжіліс Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында депутаттардың, Өңірлік даму министрлігі, бизнес қауымдастық өкілдерінің және кәсіпкерлердің қатысуымен түзетулері ілескен «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» заң жобасы таныстырылды.
Казахстан06 Маусым , 00:00

Бұл құжатты Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин таныстырып, заң жобасын әзірлеуде  кәсіпкерлердің палаталарға шоғырлануы – экономика тиімділігін арттырудпағы басты факторлардың бірі екендігін көрсетіп отырған халықаралық тәжірибеге талдау жүргізілгенін атап өтті. Бизнесмендердің мұндай бірлестіктері Германия, Франция, Австрия, Нидерланд, Италия, Түркия және басқа да елдерде қолданылуда.   

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының негізгі қызметтері:
- кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік ету;
- кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
- техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды дайындау, 
- қайта дайындау, біліктілікті арттыру, сертификаттау және аттестаттау;
- мемлекеттік органдардың жұмыстарын бағалау;
- отандық өндірісті және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы үлесті арттыруды қолдау;
- кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметі, инвестиция және экономиканың әртараптандырылуы.

«Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы (КҰП) коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдастыру-құқықтық түрінде Үкімет және Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағымен (қауымдастығымен) бекітіледі. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына заңнамамен міндетті мүшелік өзге коммерциялық емес ұйымдарда, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындарда белгіленген кәсіпкерліктерді есепке алмағанда, Қазақстанда тіркелген барлық кәсіпкерлік субъектілердің міндетті мүше болуы принципі бойынша құрылады»,- деді Серік Жұманғарин.

Заң жобасына сәйкес, міндетті мүшелік жарна төлеу тәртібі және оның максималды көлемін Үкімет бекітіп, БАҚ жарияланады. КҰП 1 шілдеге дейін салық органдарымен ұсынылатын мәліметтер негізінде, кәсіпкерлік субъектілеріне міндетті мүшелік жарнасын төлеу үшін төлем шотын жібереді. Жарналар жыл сайын 31 желтоқсанға дейінгі аралықта төленеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері өтпелі кезең аралығында міндетті мүшелік жарнаны төлеуден босатылады.

«КҰП құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрылтай кезеңін  1 жыл аралыққа, өтпелі кезеңді 5 жылға дейінгі аралыққа белгілейді, бұл аралықта  палатаның құрылтайшылар құрамында Үкімет және Републикалық қауымдастық болады», - деп түсіндірді Жұмағарин, осылайша,  бұл  өтпелі кезең аралығында Үкімет Палатаның кейбір шешімдеріне вето қою құқығын иеленетінін айтты.  

КҰП құрылымында атқарушы және өкілді органдарды құру ұйғарылуда. Атқарушы органға жататыны: Президиум, Басқарма, Тексеру комиссиясы, Өңірлік палаталар дирекциясы, өңірлік палаталар филиалдары.

Өкілді органға жататыны: Құрылтай және Өңірлік кеңес.

КҰП филиалдарын облыс аудандарына дейін, сонымен қатар облыстық республикалық маңыздылығы бар  қалалардың аудандарында және елордада құру жоспарлануда.

Заң жобасын талқылау барысында бизнес қоғамдастық өкілдерінің басым бөлігі Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының құрылуын қолдады. 

«Бүгін бізге бұл заңның ауадай қажет екендігін үлкен жауапкершілікпен айта аламын! Бұл заңды көптен бері күттік, сұрадық, әлем тәжірибесін зерттедік. Иә, қазір мемелекеттік органдар қолдау көрсетуде, бірақ маған мәселемді қажетті деңгейде көтеретін, Үкіметтің, әкімдіктің барлық бағдарламаларын жеткізе алатын, мені кәсіби шыңдайтын өкілдері бар орган қажет. Біз, өңірлер, біртұтас  орталықтанған ірі ұйымның құрылуын күтудеміз. Біз қолымызда болған барлық құрылымдардан ең үздігін алып, оны істе қолдануымыз керек. Демократияшылдық, есептілік, айқындық, таңдаулылық – қуатты, пәрменді ұйымымыздың тірегі болатын  негізгі принциптер»,- деді «Ақ сүт» ӘКК басшысы Нелли Салиханова.

«Бүгінгі уақытта көптеген республикалық ұйымдар өз мәртебесіне сәйкес келмейді, өйткені филиалдары жоқ, бұл дегеніміз – мүшелік базаның жеткіліксіз екендігін немесе бұл саланың жеткілікті дамымағанының айғағы. Бізге ресурстар жетіспейді, экономикалық статистиканы нақты анықтауға сарапшыларды жалдай алмаймыз, өз ұстанымдарымызды қорғай алмаймыз.  Әлемдік нарыққа өз өніміңді ұсыну өте қиын. КО-да, атап айтқанда тауарларымызды өзге елге шығаруда құқығымызды қорғайтын ұйым қажет.  Біз ЕурАзЭҚ беталудамыз, ДСҰ-на табалдырығын аттамақшымыз, біздің мүдделерімізді кім қорғайды? Иә, шенеуніктер көп нәрсені түсінеді, дегенмен нарықтық күштерге қатыстының барлығын біле бермейді. Сондықтан, кәсіпкерлердің ынтымақтастығының, ынтымақтастықтың ұлттық палатасын құру туралы мәселе пісіп жетілді»,- деді өз ойымен бөлісіп «Орталық Қазақстан кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті Талғат Доскенов.

«Қауымдастықтығымыздың мысалында айтатыным, тармақтарының көбі іске қолданылмайтын, мақта саласын дамыту туралы заңды алдық. Бұл заң бастапқы кезеңінен тұралап қалды, өйткені көп тұстары дұрыс жасалмаған. Мысалы, мақтаны бидаймен теңестірді, ал бұл екі түрлі дақылдар. Бұл жағдайда, өз дәлелдерімізде қорғай алмадық. Жұмыс отырыстарына қатыстым, өзгертулер енгізуді сұрадым, алайда заң қабылданды. Ал қазір сол заңға 8 түзету енгізілді, бірақ ол өзгертулер әлі де жұмыс істемейді. КҰП туралы заңның қажет екендігін айтатыным, өткені ол жерде сатылас жүйе айқын қойылған. КҰП құру туралы заңының бекітілуінде әріптестерімді қолдайғым келеді»,- деді «Қазақ мақта қауымдастығы» ЗТБ төрағасы  Саин Бақытбаев.

Сонымен қатар, Мәжілісте «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қатар ұсынылды.

Құджаттың мақсаты – ҚР КҰП қызметі мәседлесі жөніндегі заңнама нормалары қолданылуының біркелкілігі, оның кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де субъектілердің құқықтық қарым-қатынасындағы өзара әрекеттестігі.

Аталған заң жобасымен Қазақстан Республикасының 6 кодексіне және 15 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір  заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының презентациясы.




Яндекс.Метрика