Self made. Ровесники столицы

Астана көз алдымда заманауи мегаполиске айналды - елорда құрдасы

Астана көз алдымда кішкентай қаладан үлкен заманауи мегаполиске айналды, деп «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Астана қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрлыбек Қаршыған мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 20 Маусым, 19:23

«Астана - ол менің сүйікті қалам. Мен осында туып өстім, ер жеттім. Өзімнің алғашқы досыммен таныстым. Жалпы, Астанамен менің өмірімнің жарқын сәттері байланысты. Сондықтан да мен оны ешқандай қаламен айырбастамас едім. Мейлі  олар менің Астанамнан қызығырақ және әдемірек болса да», - деді оқушы.

Нұрлыбек елордамен бірге өсіп ер жеткенін мақтан тұтатынын жасырмады.

«Мен Астана қаласының елорда титулын алған кезде дүниеге келгеніме қуаныштымын. Себебі, қала менің көз алдымда өзіммен бірге өсті. Бүгінде ол шағын қаладан үлкен дамыған мегаполиске айналды», - деп оқушы атап өтті.

Сонымен қатар, НЗМ оқушысы елорда да өзіне ерекше ұнайтын нысан туралы айтып берді.

«Бізде көлемі жағынан тек «Бостандық» мүсінінен сәл кіші «Бәйтерек» монументі бой көтерді.  Менің Астанадағы сүйікті ғимараттарымның бірі дәл осы - Бәйтерек.  Ол елордадағы архитектуралық жауһардың озық үлгісі деуге болады»,- деді Нұрлыбек.

Сонымен қатар, елорда құрдасы барлық астаналықтарды қала күнімен құттықтады.

«Мен барлық астаналықтарды мерейлі мерекесімен құттықтаймын. Сіздердің астанамызды одан әрі  жақсы көрулеріңізге және оның биік белестерді бағындырып дамуына тілектеспін», - деп ол жылы лебізін білдірді.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика