Халықаралық интеграция

«Эйр Астана» Алматыдан Барселонаға тікелей рейс ашады

Бүгін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Қазақстан Республикасындағы Испанияның Төтенше және Өкілетті елшісі Мануэль Ларротча Парадамен кездесті.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 15:43

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамыту тұжырымдамасын таныстырып, мемлекеттер арасындағы туризм саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, 2014 жылдың 21 шілдесінен бастап Алматыдан Барселонаға тікелей әуе рейсінің ашылатынын айтты.

Рейсті «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалы Boeing-757 әуе суднасы арқылы жүзеге асыратын болады. Алматыдан Барселонаға халық сейсенбі мен сенбі күндері аптасына екі рет қатынай алатын болады. Ал кері бағытта сәрсенбі мен жексенбі күні ұшады.  

Қазақстан Республикасындағы Испанияның Төтенше және Өкілетті елшісі Мануэль Ларротча Параданың айтуынша, Испанияға туристік мақсатта жылына 60 млн-нан астам адам келетін көрінеді. Оның пікірінше, Испанияда 52 халықаралық әуежай қызмет етуде. Осыған орай біздің елмен туризм саласында ынтымақастық құруға дайын екендігін айтты.




Яндекс.Метрика