Евразиялық одақ

ЕАЭО кез келген серіктеске ашық– Д.Зорин

Бүгінде ЕАЭО экономикалық тұрғыда өзінің үлесін қосқысы келетін кез келген әріптеске есігін айқара ашып отыр. Бұл туралы бүгін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «ЕАЭО дамуындағы интеграциялық әлеует пен болашағы» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде Қазақстандағы Беларусь Республикасы Елшілігінің кеңесші-елшісі Дмитрий Зорин мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 13:01

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қою тарихи оқиға болып қала бермек. Біздің мемлекеттер экономикалық одақ құра отырып еркін тауар, жұмыс күші мен капитал айналымына жол ашты. Өздеріңіз де білесіздер, Беларусь мемлекеті 2015 жылы ешқандай да шектеусіз одақ құру туралы бастаманы көтерді. Сонымен қатар екіжақты форматта шектеудегі пікір алуандығын қамтитын мәселелерді шешуге мүмкіндік туып отыр. Сол себепті аталмыш процестің игілігін алдағы уақытта мүше мемлекеттердің барлығы көрмек», - дейді Д.Зорин.

Оның айтуынша, ЕАЭО-ның басты идеясы – тауар мен капиталдың және жұмыс күшінің еркін алмасуы болып табылады.

«Басты әсер алдағы уақытта бой көрсете бастамақ. Бұл Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылғанынан бастап байқала бастады. Алдағы уақытта интеграцияның пайдасы арта түспек. Менің пікірімше, мемлекеттер арасындағы еркін сауда-экономикалық қатынастар мәдени және қоғамдық өмірге де әсер етпей қоймақ емес», - дейді.

Оның пікірінше, бүгінгі таңда елшіліктің басты міндеті – тауар айналымын арттыру үшін үш елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды арттыруға күш салу болып табылады.

«Біздің елде бірқатар салаларда айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Ондағы бағыт барынша инновацияға қарай қадам басу. Қазақстанның да инновациялық дамуды басшылыққа алып отырғанын біз білеміз. Бұл Қазақстанның дамуындағы стратегиялық басымдылықтардың бірі. Екі елдің осынау үндестігі өз жемісін бермей қоймақ емес», - дейді Д.Зорин.

«Бүгінде ЕАЭО экономикалық ықпалдасуға мүдделі кез келген әріптеске есігін айқара ашып отыр. Қазірден бастап көптеген елдер одаққа қызығушылық танытуда. Менің пікірімше аталмыш интеграцияның болашағы әлі алда», - дейді. 




Яндекс.Метрика