Ұлттық интеллигенциясының рөлі

Н.Абдуллаев: Ғалым ақиқатқа ұмтылуы тиіс

5 маусымда Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеу мәселелері бойынша М.Тәжиннің сөйлеген сөзі жаңа зерттеулер үшін есептеу нүктесіне айналды, деді Ақтөбе мемлекеттік пединституты «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдуллаев.
Казахстан23 Шілде , 00:00

«5 маусымда М.Тәжиннің сөйлеген сөзінің ерекше мәні бар, – деп санайды Нұртаза Абдуллаев. – Негізгі баяндаманың мазмұны, әрбір сөзі, әрбір ойы салмақты. Ол жаңа ой-пайымдардың есептеу нүктесі болады. М.Тәжин оның кейбірімен облыстық кеңестің отырысында бөлісті». 

Тарихшы ғылыми лексиканы аудару ісінде аса сақ болған жөн екенін айтады. 

«Менің жеке пікірім бойынша ғылыми лексика аударылмауы тиіс. Мысалы, студент, аспирант, доктор, профессор, магистр, доцент – бұл сөздердің аудармасы болмауы тиіс. Соннымен қатар, біз, ғалымдар, деректілікке, фактілердің ақиқаттылығына бағытталып, аңыздан ғылшымилыққа қайта оралуымыз керек», – дейді Н.Абдуллаев. 

Плагиат пен компиляцияны да барынша азайту керек деп санайды педагог. Оның айтуынша, диссертацияларды азаматтық жауапкершілік ұстанымымен қарастыру қажет. Маңызды мәселе – тарихтан қазақстандық оқулықтарды әзірлеу. 

«Қоғамда әлі күнге дейін Қазақстан тарихының бірмәнді әдісі жоқ. Әрине, ғалымдарды сынға алу оңай. Әсіресе оқулық авторларына көп сөз тиеді. Оқулықтарды әлдеқайда ақиқатты ету б іздің міндетіміз. Бұл келер ұрпақ үшін өте маңызды», – дейді педагог. 

Ғалымның пікірінше, тарих сабағын оқыту тәртібін де қайта қарастыру қажет. Әсіресе, жоғарғы оқу орындарында. 

«Екі ай бұрын мектепті бітірген бірінші курс студенті бірінші семестрде-ақ тарих пәнін оқып, одан мемлекеттік емтихан тапсырады. Ол қай аудиторияның қайда екенін, кімнің қай пәннен сабақ беретінін жете түсініп болған жоқ, бірақ дипломға қойылатын бағаны алып қойды, – деді Н.Абдуллаев. – Біз осы жайында өз кафедрамызда ой қозғап, осы тақырыпты өзге ғалымдармен талқыладық. Студент әбден ысылып, өзінің болашақ мамандығының қыр-сырын түсінген шақта Қазақстан тарихын оқуы тиіс деген тоқтамға келдік. Үшінші курстан кейін ғана мемлекеттік емтихан тапсыру туралы айтуға болады».  




Яндекс.Метрика