Евразиялық одақ

ЕАЭО бәрінен бұрын халыққа тиімді – Ғ.Байназаров

Еуразиялық экономикалық одақ халықтың алдына мол мүмкіндіктер ашып отыр. Бұл туралы бүгін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «ЕАЭО дамуындағы интеграциялық әлеует пен болашақ» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты директорының кеңесшісі Ғалым Байназаров мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 12:25

«Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы зор. Нарықтың ,экономиканың дамуы үшін бәсекелестік қажет. Ал оған өз кезегінде тиісті жағдайлар жасалуы керек. Сол себепті осы одақ ел экономикасына мол мүмкіндіктер ұсынады», - дейді Ғ.Байназаров.

Оның айтуынша, ЕАЭО құрылуындағы басты артықшылықтардың бірі 170 млн адамдық нарыққа қол жеткізу болып табылады.

«Біздің алдымыздан өзімізден 10 есе үлкен 2 трлн долларлық үлкен нарық есігін ашып отыр. Сонымен қатар, 170 млн тұтынушы өз алдына. Бұл дегеніңіз кәсіпкерліктеріміздің, шағын және ота бизнес өкілінің үлкен нарыққа жол тартуын қамтамасыз етпек», - дейді ол.

«Бәрінен бұрын бұл халыққа тиімді болып отыр. Егер экономика өсетін болса, тиісінше халықтың әлеуметтік жағдайы да артады. Ал халықтың өмір сүру деңгейі артса, онда өзге де сала түрлерінің тасы өрге домалайды. Бұл өмір заңдылығы», - дейді Ғ.Байназаров.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика