Парламент

2013 жылғы мемлекеттік шығындардың үштен бірі өңірлерді дамытуға бағытталған – Б.Сұлтанов

2013 жылғы мемлекеттік шығындардың үштен бірі өңірлерді дамытуға бағытталған, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 11:42

«ЖІӨ нақты өсімі 6% құрады, ал ЖІӨ-нің негізгі өсімі қызмет көрсету саласына тиесілі, яғни 53%. Соның ішінде жылжымайтын мүлік пен транспорт операциясындағы сауда да артқан. 2013 жылғы инфляция деңгейі 4,8% құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2% төмендеген. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың ішіндегі 33-і индустриялды-инновациялық даму бағдарламалары мен әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Индустрияландыру картасы жобаларының ЖІӨ өсіміндегі үлесі 0,8 пайыздық өсімді көрсетті», - дейді министр.

Жалпы, 2013 жылы бюджетке 5 трлн 272 млрд теңге түскен. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,8% немесе 383 млрд теңгеге артық. Республикалық бюджеттің түсім жоспары 100,6% орындалды. «28 млрд теңге көлеміндегі субсидия алудың арқасында екі мыңнан астам кәсіпкер алдағы уақытта экономикаға түсім әлеуетін арттырып отыр», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, еркін сауда аймағынан түсім 35% артты. «Оның үстіне салықты жаңғырту мен кедендік ақпараттық жүйелердің оң әсері байқалуда. Бүгінде салық есебінің шамамен 91 пайызын біз электронды түрде алып отырмыз».

«Республикалық бюджет шығыны 5 трлн 99 млрд теңгені құрады. 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 95 млрд теңгеге артқан. Шығынның үштен бірі өңірлерге жөнелтілген. Субвенция 866 млрд теңгені, ал мақсатты трансферттер 1 трлн 62 млрд теңгені құрады», - дейді министр. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика