Инфрақұрылымның дамуы

«Алматы – Талдықорған» бағытындағы жолды 2016 жылға дейін аяқтау жоспарланған

Жылдың аяғына дейін «Алматы – Талдықорған» автожолының 10 километрі пайдалануға беріп, 141 км бойынша қозғалыс ашу жоспарлануда, деп көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.
Алматы20 Маусым , 12:17

Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жалпы ұзақтығы 245 км автожолдың 9 учаскесінде жүргізілуде. Қайта салу нәтижесінде «Алматы – Талдықорған» трассасының 245 километрі  4 және 6 жолақ қозғалысты I техникалық категорияға көшіріледі.

Ағымдағы жылы құрылыс ұзақтығы 245 км учаскелерінде 2,2 мың м3 мөлшерінде топырақ жұмыстары, құм және қиыршық тас қоспасынан 24,3 км төсеме қабаты салынды, шағыл тас және құм қоспасының  астыңғы қабатының 27 км және жоғарғы қабатының 24 км, 14 км цемент-бетон төсемі салынып, 47 жасанды құрылыс салынды және жөнделді. Сонымен қатар, су  бұрғыш науалар және су қабылдағыш камералар мен құдықтар орнатылды; жұмысшыларға вахталық қалашықтар салынып, сол жерлерде жол-құрылыс техникасын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған базалар ұйымдастырылды.

Жалпы учаскедегі жұмыстарға 1 008 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылып, 1 787 жұмыс орны ашылды.

«Алматы – Талдықорған» жолының құрылысын толықтай аяқтау 2016 жылға белгіленген.




Яндекс.Метрика