Халықаралық интеграция

Қазақстанның туристік ресми порталы іске қосылды

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті www.kazakhstan.travel ресми туристік порталды іске қосты.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 11:32

Туризм индустриясы комитетінен хабарлағандай, порталда еліміздің көрнекті орындары туралы мақалалар, суреттер, туристік операторлардың жеке мәліметтері, қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы туралы материалдар орналастырылған. Сонымен қатар, Қазақсатанның танымал азаматтары жайлы мәлімет алуға болады.

Порталға кірушілер өзінің демалысын жоспарлауға қажетті барлық материалды ала-алады. Мұнда елшіліктердің тізімі, виза алу тәртібі, әлем елдерінің валютасы және сөйлесу үлгісі де орналастырылыпты.

Сонымен қатар, демалушы қонақ үйге номерді алдын-ала брондай алады.  Алдағы уақытта дәл осылай  әуебилеттеріне тапсырыс беру функциясы да қосылады.

Қазіргі таңда ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті, ҚР СІМ, Астана және Алматы қалалары мен облыстар бірлесіп порталды халықаралық және ішкі нарыққа шығару мәселесін реттеуге тырысуда.

Айта кетерлік жайт,  әкімдіктермен  бірлесіп сайттың мәліметтер мұрағаты толықтырылатын болады.




Яндекс.Метрика