Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан дүние жүзі картасында танымал мемлекетке айналды

Қазақстан тәуелсіздік алған азын-аулақ уақытта дүниежүзі картасында танымал мемлекетке айналды. Осы ретте Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен ерең еңбегін атап өтпей болмас, деп «Strategy2050kz» АА берген сұхбатында Қарағанды облысы Абай ауданының тұрғыны Николай Музычук ағынан жарылды.
Қарағанды20 Маусым , 16:23

«Мемлекет басшысының басшылығымен кең масштабта экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретінде Тұңғыш Президенттің халықтың бірлігін нығайтуда, бейбітшіік орнатуда және дұрыс сыртқы саяси байланысты орнатуда еңбегі зор. Осы ретте, жақында ғана Қазақстан, Ресей мен Белоруссия арасында ЕАЭО туралы түзілген келісім туралы айтпай кетуге болмас. Бұл Одақ әлем қауымдастығын мойындатты және олардың құрметіне ие болды», - деп ол баса айтты.

Оның пайымынша, жас тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасы планетаның дамыған мемлекеттер қатарына бұзып кірді. Бүгінде заманауи Қазақстан толығымен қалыптасқан, табысты мемлекет ретінде өзін көрсетуде.




Яндекс.Метрика