Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Санитарлық авиация жыл басынан бері 780 әуе қызметін көрсетті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2014 жылдың басынан бері санитарлық авиация 780 рет ұшып, 1030 медициналық қызмет көрсеткен.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 10:28

Жедел жәрдем, санитарлық авиация мен кеңес беру-транспорттық бригадасы тәуліктің 24 сағатында «оқиға орнында» көмек көрсетеді. Пациенттердің қажеттілігіне қарай аудандық, облыстық және республикалық ауруханаларға жеткізіледі. Бұл жерде Мемлекет басшысның тапсырмасымен құрылған санитарлық авиацияны ерекше атап өткен жөн.

2014 жылдың басынан бері санитарлық авиация 780 рет ұшып, 1030 медициналық қызмет көрсетті, 750-ден астам пациент тасымалданды. 200-ден астам кеңес беру қызметі көрсетіліп, 60-тан астам ота жасалды. Олардың арасында акушерлік және гинекологияық патология әйелдері, жаңа туған нәрестелер де бар.  




Яндекс.Метрика