Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

«Саламатты Қазақстан»: Көкшетауда жетілдірілген балалар жан сақтау бөлімі ашылады (ФОТО)

Наурыз айының басында Ақмола облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімі күрделі жөндеуден өткеннен кейін іске қосылады. Озық технологиямен жабдықталған бөлімнің қуаттылығы 9-дан 12 кереуетке дейін артпақ. Енгізілген жаңашылдықтар балалардың өмірін көптеп сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп сенім білдірді бөлім меңгерушісі, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог Ирина Иванова.
Ақмола 08 Ақпан, 00:00

Қазіргі уақытта бөлімдегі құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Өткен жылдың шілдесінен бастап жан сақтау бөлімі жан-жақты жабдықталған хирургия бөлмесіне көшірілген еді. Бөлімнің қуаттылығын ұлғайту идеясы, Ирина Иванованың сөзіне қарағанда, қажеттіліктен туындаған.

«Соңғы уақыттарда 6-7 кереуеттің бос болмауы қалыпты жағдайға айналды. Науқас балалардың барлық 9 кереуетке таңылатын кездері аз емес, мәселен, осы аптаның басында солай болды. Ал 2 кереует төтенше жағдайлар кезінде қолдану үшін әрқашан бос тұруы қажет. Туа бітті сырқат балалар, тұрмыстық жарақаттар, улану оқиғалары көбеюде. Өткен жылы бізге клиникалық өлім жағдайында ауыр бас сүйек-ми жарақатымен 6 бала түсті, олардың үшеуі 8 айдан 2 жасқа дейінгі балалар – теледидар құлап кеткен. 40-тан астам баланы күйік шалған», - дейді И. Иванова.

Жөндеу жұмыстары кезінде ота жасау блогы қайта жоспарланып, жаңа туған балаларға арналған қосымша ота жасау бөлімі ашылады, оның жеке есігі болады, температуралық режим, желдеткіш, жабдықтар орналастырылады. Мұнда жеке бригада: арнайы оқытылған анестезиолог пен сәбилер хирургы, анестезист-медбике жұмыс істейді.





Яндекс.Метрика