Астана күні

Астана күнін тойлау қарсаңында «Астананың үздік тауары- 2014» көрмесі өтеді

Астанада 2-3 шілде Конгресс холл сарайында «Астананың үздік тауары- 2014» аймақтық байқау-көрмесі өтеді.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 09:14

Шағын және орта бизнес өкілдері өндіретін тауарлары мен азық-түлік түрлерін көрсетіп қана қоймай, Жылдың үздік тауары атағын иелену үшін сайысқа түседі, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі  ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.

Шараның басты міндеті – шағын бизнестің астананың әлеуметтік экономикалық дамуындағы маңызын дәріптеу, кәсіпкерлік қызмет тәжірибесімен алмасу және іскерлік байланыстарды нығайту.

Байқау-көрмеге түрлі салаларда қызмет атқаратын Астана қаласының кәсіпкер-өндірушілері қатысады. Байқау «Үздік өндірістік тауар», «Тұрғындарға арналған үздік тауар», «Үздік азық-түліктік тауар» аталымдары бойынша сарапталады. 




Яндекс.Метрика